Тұтас бір ауылдың балалары мектепке бара алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтас бір ауылдың балалары мектепке бара алмай отыр

20.02.2020

Осы Ақмола облысында тұтас бір ауылдың балалары қыс басталғалы мектепке барма алмай жүр. Шортанды ауданы Новографск ауылының тұрғындары арнамызға хабарласып, осындай шағымын жеткізді. Себебі мектеп бес шақырым жердегі аудан орталығында орналасқан. Ал оған апаратын жалғыз жолды қар басып қалған. Қатынас үзілген соң азық-түлік азайып, көмір түгесіле бастаған. Нысаналы Ығыл байланысы үзілген ауылға барып, бұқараның базынасын тыңдап келді.

Шортандыдан 5 шақырым жердегі Новографск ауылына апаратын бір-ақ жол бар. Бірақ, қыс түссе, қарым-қатынас үзіледі. Себебі, ақ түтек боран жолды әп сәтте жауып тастайды.

Новографск ауылында 20-дан аса үй бар. 200-ге жуық адам тұрады. Көбінің қызметі жырақта. Кейбірі апталап жұмысқа бармаған. Себебі, қар құрсауындағы ауылдан аттап басып шығу мүмкін емес.

Бірақ қаржы бөлінгенімен қар тазалайтын техника жалғыз. Сондықтан мәселенің түбегейлі шешілеріне халық толық сенбейді. Сондықтан ересектер тұрақты жұмысынан айырлып, балалар мектеп бағдарламасынан қалып қою қаупі басым деп отыр.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу