Шағын бизнеске цифрлық технологияларды енгізу арқылы өнімділікті 45 пайызға дейін арттыруға болады. Осындай тұжырымдама жасаған ІТ саласының мамандары халықаралық бизнес-форумға жиналды. Шараға 700-дей адам қатысты. Сондай-ақ, Ресей, Украина сынды көрші мемлекеттерден де ІТ саласының мамандары келіп, қазақстандықтармен тәжірибе алмасты. Осымен екінші рет өткізіліп отырған форум «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылардың арасында елімізде ІТ жобаларын ойлап тапқан компаниялар бар. Мамандардың пікірінше, бүгінде цифрлық технологияны мейрамхана, кафе, сұлулық салоны сияқты шағын бизнеске арнау қажет.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ