Астанада Еуразиялық бизнес-форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Еуразиялық бизнес-форум басталды

04.07.2018

Бүгін Астанада қалдықтарды басқару және жаңғыртылмалы энергия бойынша Еуразиялық бизнес-форум басталды. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар жиналған жиында «жасыл» энергия барысы сөз болып жатыр. Жалпы, қазір әлем «жасыл» экономикаға бет бұрған кез. Кез келген нәрсені үнемдеп, қыруар қаржыны ысырап қылмаудың қамын жасап жатыр. Бұл орайда, шетелдік мамандардың берер тәжірибесі мол. Біздің де жетістігіміз жоқ емес. Соңғы жылдары табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінен жұмыстарымыз көптеп кездеседі. Оған еліміздегі Күн, жел, судан энергия алатын ірі электр станциялары дәлел.

Ернар Жаңаділ, «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы:

- Бүгінге дейін «Самұрық-Энерго»-мен бірге екі ірі жоба жасадық. Олар - Қапшағай қаласындағы Күннен энергия алатын электр станциясы мен Ерейментаудағы желден қуат алатын электр станциясы. Қазір ол жерде екінші станцияның құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта тағы да осындай үнемді ірі құрылыс нысандарын салуды жоспарлап отырмыз.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу