Мұнайға әлемдік сұраныс пандемияға дейінгі қалпына келіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайға әлемдік сұраныс пандемияға дейінгі қалпына келіп жатыр

28.09.2021

Мұнайға әлемдік сұраныс пандемияға дейінгі қалпына келіп жатыр. Сарапшылар шикізат бағасы да қайта көтерілетінін жеткізді. Bloomberg биыл қыс мұнай өндірушілер үшін табысты болатыны жазды. Алайда электр мен газ бағасы өсуі мүмкін. Еуропада көгілдір отынның қымбаттауы мұнай нарығына да әсер етпей қоймады. Тұтынушылар қымбат газдың орнына одан арзан қара алтынды қолдануға көшкен. Бұл қыс мезгілінде мұнайға сұраныстың күніне 500 мың баррельге дейін артуына себеп болады.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу