АҚШ аумағына Спутник-V вакцинасын ектіргендер кіре алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ аумағына Спутник-V вакцинасын ектіргендер кіре алмайды

28.09.2021

Ресейдің Спутник-V вакцинасын ектірген шетелдіктердің АҚШ аумағына кіруіне тыйым салынды. Яғни, Құрама Штаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлданған және өздерінде мойындалған екпелерді салдырғандарды ғана қабылдайды. Мұны «Washington Post» газеті хабарлады. Спутник-V екпесін жасау, өндіру және насихаттау жұмыстарын қаржыландырған Ресей тікелей инвестициялар қорының мәлімдеуінше, бұл вакцина әлемнің 4 миллиардтай адам тұратын 70 елінде қолданылып жатыр. Және де оның дерегінше, ресейлік вакцина клиникалық сынақтар мен нақты пайдалану тәжірибелерінде тиімділігін көрсеткен. Сондықтан, олар ғаламдық пандемиямен күрес кезінде бұл екпені кемсіту тоқтатылуы керек деген пікірде.


Хабарламаларға жазылу