Еуропалықтар «Спутник V» салдырту үшін Ресейге сапарлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалықтар «Спутник V» салдырту үшін Ресейге сапарлап жатыр

20.04.2021

Еуропалықтар «Спутник V» вакцинасын алу үшін Ресейге ағылуда. Шекара жабық. Бірақ норвегиялық турагенттік Ресей билігімен келісіп, вакцинация турын ұйымдастыра бастады. Тур құны-1200 еуро мен 3 мың еуро аралығында. Оған ұшақпен барып-қайту билеті, Мәскеудегі 4 жұлдызды қонақ үйде 22 күн қону және «Спутник V»  екпесін салдырту кіреді. Германияның Франкфурт әуежайынан шыққан алғашқы рейспен 50 адам Мәскеуге аттанды. Туркомпания өкілдері әзірге аптасына 80 адамнан апаруды көздеп отыр.

Уви Кейн, Германия азаматы:
«Спутник V»  ең мықты вакцина. Мен тек соған сенем. Сол үшін Мәскеуге бара жатырмын. Германияда екпе алу үшін маған тағы жарты жыл күтуге тура келеді. Оған қоса біздегі вакциналар сенімсіз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу