Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

12.11.2021

 Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейетіндігін айтады. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады. Ал теріскейде жаяу бұрқасын, көктайғақ болмақ. Еліміздің батысында, солтүстігінде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі дейді ауа райын болжаушылар. Ал жауын-шашынға келетін болсақ, еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарында аспан ашық болмақ. Республиканың қалған бөлігінде жауын жауып, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады.


Хабарламаларға жазылу