Атырауда шаңды дауыл тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда шаңды дауыл тұрды

17.03.2021

Атырауда шаңды дауыл тұрды. Қатты соққан желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейін жетіп, қаланы тұтастай шаң басты. Бүлінген ғимарат жоқ, ешкім зардап шекпеді. Кеше кешкісін Маңғыстау бағытына қатынайтын жол жабылып, Бекі және Жетібай ауылдарының аралығында барлық көлік түрлеріне қатынас уақытша тоқтаған болатын. Қазір қатынас қайта қалпына келді. Дегенмен, синоптиктер қолайсыз ауа райы күн ұзаққа сақталады дейді. 

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу