Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

26.09.2021

Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 2379, 47 адам қайтыс болған, 900 адамның жағдайы ауыр, 226 адамның жағдайы өте ауыр. 143 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі компонентін де 6 393 799 адам салдырған.

Осы аптада пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге ресми рұқсат берілді. Ресми деп отырғанымыз, тыйымға қарамай, мыңдаған той өткенін білеміз. «Мейрамхананың артқы емес, алдыңғы есігінен кіретін болдық» деп жұрттың өзі әлеуметтік желіде жазып жатыр. Тойханаларға Ashyq-та мәртебесі «қауіпсіз» қонақтар ғана кіргізіледі деп отыр, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы екі аптада сырқаттану пен өлім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтыпты. «Осыған байланысты ертең - 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі», - деген.

Атап айтқанда, салтанатты, еске алу және отбасылық шаралар: банкет, үйлену тойы, мерейтой. Мұндайда А.Пушкиннің повесі негізінде жазылған П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» операсында айтылатын «Біздің өміріміз не? Ойын!» деген жолдар еске түседі.

Хабарламаларға жазылу