Мәулен Әшімбаев Франция елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Франция елшісімен кездесті

23.02.2021

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті. Онда екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру мәселелер талқыланды. 

«Қазақстан Парламентінің екі палатасында да Франция Парламентімен ынтымақтастық бойынша топ жұмыс істейді. Біз парламентаралық байланысымызды сақтауға және француз парламентариімен сындарлы жұмыс істеуге мүдделіміз», – деді Мәулен Әшімбаев. 

Сонымен қатар Сенат төрағасы елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Болашақта бұл байланыс одан әрі дами беретініне сенім білдірді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу