Астанада өтіп жатқан велотректен Әлем чемпионатында төрт Әлем рекорды орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өтіп жатқан велотректен Әлем чемпионатында төрт Әлем рекорды орнатылды

20.08.2015
Астанада өтіп жатқан велотректен Әлем чемпионатында төрт Әлем рекорды орнатылды

Велотректен жастар арасындағы Әлем чемпионатында спринттік жарыста германиялық қыздар 33.962 нәтиже көрсетіп, 2012 жылы Ресей құрамасы орнатқан Әлем рекордын жаңартты. Ал, финалдық жарыста германиялық қыздар өздері орнатқан рекордтық көрсеткішті 33.899 нәтижемен тағы жаңартты.

Командалық жарыста британиялықтар 2013 жылы 4.36 нәтижемен рекорд орнатқан болса, Жаңа Зеландиялық спортшылар Астанада 4.35 көрсеткішпен жаңа рекордты тіркеді.

Ерлер арасындағы командалық спринтте Ресей құрамасы 44.825 нәтиже көрсетіп, Әлем рекордың жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекорды Жаңа Зеландияға тиесілі болатын. Олардың нәтижесі – 60.312.

Айта кетейік, Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу