Успенка ауданы тұрғындарының 90 пайызы екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Успенка ауданы тұрғындарының 90 пайызы екпе алды

22.09.2021

Павлодар облысындағы Успенка ауданында халықтың 90 пайызы вакцина салдырған. Әсіресе, ауылдық жерлердің тұрғындары белсенді. Жергілікті атқарушы билік

екпе салдыру қарқынын бәсеңдетіп алмау үшін аудан аумағын бірнеше секторға бөліп, халықпен жұмыс істеуге еріктілерді жұмылдырған. 12 мыңға жуық тұрғыны бар ауданда 7 мың азамат екпе салдыруы тиіс.

Айнұр Абитова, Успенка аудандық ауруханасының бас дәрігері: 
Қазіргі таңда 6140 адам вакцинацияланды. Бұл 90 пайызын құрайды. 21 ауылдың ішінде 12 ауыл 100 пайыз вакцина алған. Успен ауданында «QazVac», «Спутник V», «Vero Cell» вакциналары бар.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу