Алматыда атыс болды: 5 адам қаза тапты
Дәл қазір біз Алматыдағы әріптесімізбен қайтадан байланысқа шығамыз. Осыған дейін хабарлағанымыздай бүгін, кешкі17.00-де Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында атыс болған еді. Тақырыпты толығырақ тілшіміз Нұрхан Нұрланұлы тікелей эфирде баяндауға дайын.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:Қайғылы оқиға бүгін кешкі 17:00-дер шамасында Алатау ауданының Ақбұлақ шағынауданында болған. «Жер үйді босату туралы» сот қаулысын орындау кезінде учаскелік полиция инспекторлары, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және сот орындаушыларға 1967 жылғы сол үйдің иесі, яғни Сыздықов, 29 мекенжайының тұрғыны оқ атқан. Салдарынан бес адам, оның ішінде 1982 және 1988 жылы туған екі полиция қызметкері ауыр жарақаттан мерт болды. Оқиға болғаннан кейін көп ұзамай полицейлер күдіктіні қолға түсіріп, жағдайды бақылауға алды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Қайғылы оқиғаға байланысты қалалық полиция департаментінің өкілдері қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, атыстан қаза тапқан өзге қызметкерлер мен жарақат алғандар туралы мәлімет әзірге берілген жоқ. Жаңа ғана қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров көп ұзамай ішкі істер департаментінің басшылығы байланысқа шығып, мән-жайды баяндайтыны туралы айтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07