Елордадағы мектеп маңында қауіпсіздік ережелері сақталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы мектеп маңында қауіпсіздік ережелері сақталмаған

16.09.2021

Елордадағы №74 мектептің маңында қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Бағдаршам болғанымен іске қосылмай тұр. Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналар арнамызға шағым айтты. Оқудың басталғанына екі аптадан асса да мектеп маңында жол-көлік ережелері ескерілмеген. Оқушылар үйлеріне бару үшін бір емес қатар тұрған бірнеше жолды кесіп өтуіне тура келеді. Ағылған көліктің санында есеп жоқ. Оның үстіне жол белгілері дұрыс қойылмаған.

Гүлмира Нұрмаханбетова, қала тұрғыны:
Өзін жіберейін десе, бағдаршам жұмыс жасамайды қорқамын. Көлік өте көп жүреді. Жылдамдығын арттырып жүреді. Бір өзін жіберейін десем бала ғой, кейбір машиналар жылдамдығын азайтпай бірден кеп қалуы мүмкін. Мен өз көзіммен көрдім. Сондықтан кішкентай балам болса да өзім апарып алып келуге тура келеді.

Нұрсұлтан Муттахиденов, Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас маманы:
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Баянтау және Қошқарбаев көшесінен бастап, Байтұрсыноваға дейін жөндеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Бүгінде ондағы нысаналы жерлер қолданысқа берілген жоқ. Құрылыс-монтаждауы жұмыстары аяқталған соң бағдаршамды іске қосамыз.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу