Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Тәжікстанға барды
Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапармен барды. Президент борты 2 сағат бұрын Душанбе әуежайына қонып, қазақстандық делегацияны сол елдің премьер-министрі күтіп алды. Ұшақтан түскен бойда Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл екі ел басшыларының биылдыққа алғашқы көрісуі емес. Бұған дейін мамырда Президент Душанбеге ресми сапармен барған болатын. Бұл жолы тараптар ертең және бүрсігүні өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне дайындықты пысықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері басқа да мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесу өткізуі жоспарланған. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы да сөз болды. Былтыр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы пандемияға қарамастан 900 млн доллар болған. Мәдени-гуманитарлық бағыттарда тығыз байланыс орнаған. Әсіресе, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өту керек.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сыртқы саудадағы серпіліс
21.10.2026, 20:03
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13