Астанада 230-дан астам үй газсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 230-дан астам үй газсыз қалды

29.11.2022

Астанада апатқа байланысты 230-дан астам үй газсыз қалды. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы хабарлады. Онда Көктал-1 шағын ауданында диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келгені жазылған. Салдарынан газ беру тоқтап, 230-дан астам абонент көгілдір отынсыз қалған. Десе де қазір апаттық-жөндеу жұмыстары аяқталды. Қауіпсіздік мақсатында мамандар әр үйді аралап жүр. Көгілдір отын газ бұрандалары жабық тұрғанына көз жеткізгеннен кейін ғана қайта беріліп жатыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу