Елордада XVII Еуразиялық медиа форумы басталды
Түркі тілдес елдер арасында ортақ ақпараттық сервис құру қажет. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан XVII Еуразиялық Медиа Форумда айтылды. Шара аясында Түркі тілдес елдердің медиа менджерлері бас қосып, ақапарат саласындағы соңғы трендтерді талқылап, өзара пікір алмасты. Қазақстан телерадио корпорациясының басшысы Ләззат Танысбай әріптестерін телевизиялық тарихи жобалармен алмасу алаңын құруға үндеді. Бұл - ортақ тарихымызды әр елдің ана тілінде көрсетуге зор мүмкіндік береді деген ойда. Жиынға қатысушылар идеяны құптады. Сондай-ақ, Ләззат Танысбай өзі басқарып отырған ұлттық арнаның тәжірибесі негізінде анимациялық жобалар өндірісін дамытудың жолдарын сілтеді.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан»РТРК»АҚ басқарма төрайымы:Келесі ұсыныс, біртұтас түркі тарихын көрсететін анимациялық жобалар өндіруге қатысты. Қазіргі уақытта Қазақстан бұл сала бойынша бірқатар табыстарға қол жеткізді, өнімдеріміз сыртқы нарыққа шығарыла бастады. Елдегі балаларға арналған жалғыз ғана «Balapan» телеарнасы анимация өндірісінің дамуына ерекше серпін етіп отыр.
Ләйлә Дулатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Банктің бақылауы күшейді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03