Еуразиялық медиа форумда цифрландыру мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық медиа форумда цифрландыру мәселесі талқыланды

17.09.2021

XVII Еуразия медиа форумы жұмысына қатысушылар бүгін цифрландыру мәселесін талқылады. Сарапшылар пандемия цифрлық трансформация жұмысын жеделдетті деген байлам жасап отыр. Осы орайда білім мен еңбек нарығының болашағы алаңдатады дейді мамандар. Автоматтандырудың салдарынан 2030 жылға қарай 400 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Спикерлер үкімет пен корпорациялар сұранысқа ие мамандарға қалайша қолдау көрсете алады деген тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, медиа мен технологиялардың соңғы трендтері аясында да ой бөлісті. Түс ауа форум жұмысына әлемге әйгілі продюссер, режиссер Тимур Бекмамбетов қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша Тимур Бекмамбетов жаңа фильімінің тұсауын кеспек.

Айта өтейік 14 қыркүйек күні жұмысын бастаған медиа форум бүгін жұмысын қорытындылайды. Осы күндер аясында оффлайн форматты 60-тан аса спикер сөз сөйлесе, әлемнің түкпір-түкпірінен конференцияға 3 мыңнан аса спикер онлайн қосылған.

Хабарламаларға жазылу