Елімізде болып жатқан барлық жұмыстардың есебі сандық форматқа ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде болып жатқан барлық жұмыстардың есебі сандық форматқа ауысады

05.06.2017

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз жиынында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Мұндай бастама Қазақстанның үшінші жаңғыртуында көрсетілген міндеттер негізінде жүзеге асады. Елімізде болып жатқан барлық жұмыстардың есебі сандық форматқа ауысады. Яғни, ол жерде халық саны, қаржылық шығындар, тұтынған тамақ өнімдерінің көлемі, сырттан келген шетелдіктердің саны, әрбір аймақтың жетістігі мен табысы, азық-түлік бағасына дейінгі барлық мәліметтер көрсетіледі. Мәселен, еліміздегі әрбір адамның жылына 56 келіге жуық ет жейтіні туралы деректе осы жерде болады. Бірақ, бұл есепте Люксембург, АҚШ, Австралия елдері алда тұр екен. Әрбір азаматы жылына 120 келіден артық ет жейді. Енді осындай есептің барлығын арнайы порталдан табуға болады. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу