Ел экономикасы тұрақталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел экономикасы тұрақталып келеді

14.09.2021

Елді мекендерді көмірмен жылытатын қазандықтарға қыста отын жетпей қалуы мүмкін. Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында осылай деді. Жалпы ел бойынша бір қысқа 3 млн тонна көмір, 68 мың тонна мазут қажет. Қазір шамамен оның 85 пайызы дайындалған. Дербес қазандықтарға отынды уақытылы сатып алу және жеткізу бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдау қажет, - деді Министр. Оңғар Алпысбайұлы отырыстағы өзге де жаңалықтармен бөліссін.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Бұл үкіметтегі су жаңа министр. Серікқалы Брекешев өзі қатысқан үкіметтің алғашқы отырысында халыққа адал болмаққа ант берді. Ал ведомствоның бұрынғы басшысы қазіргі энергетика министрі алдағы жылу маусымына дайындық бойынша есеп берді. Биыл кей елдімекендер қақаған қыста жылусыз қалуы мүмкін. Мәселен Теміртау және Кентау секілді қалалардағы жылу қазандықтары тозған. Жөндеу жұмыстары тым баяу жүріп жатыр. Ал, жаппай сатылымға түсетін көмірде тапшылық болмайды. Қазір баға мемлекет тарапынан реттелмейді. Дегенмен, отынның құнын негізсіз қымбатауына жол бермеу маңызды. Облыс әкімдерінің берген мәліметіне сай өңірлерде көмірдің тоннасы 5 мың теңге мен 19 мың теңге аралығында.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады. Әкімдіктер инжинерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау мен үйлерде жоспарланған жұмыстарды бәрін белгіленген мерзімде аяқтасын. Энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдардың аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етсін.
 Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Қазір еліміздің экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Қалпына келді. Үкімет басшысы Асқар Мамин отырыста осылай деді. Жыл басынан бері Жалпы ішкі өнім 3 пайызға жеткен.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Өңірлердің әкімдіктері экономиканың барлық секторында өсу қарқынын ұлғайтқаны жөн. Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және жұмыс орындарын құру жұмыстарын одан әрі жалғастыруы қажет.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Экономиканың өсуіне эпидемиологиялық ахуалдық тұрақталуы себеп. Алексей Цойдың ақпаратынша Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендеді. Соңғы аптада Қазақстанда індет жұқтырғандар саны аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін кеміген. Ауруханалардың жүктемесі 56 дан 35 пайызға дейін төмендеді. Инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан қайта жабылды.
 Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі
Өңірлердің қызыл аймақтан шығуы ұлғайды. Қазірдің өзінде сары аймаққа 5 өңір, атап айтқанда Шығыс, Солтүстік, Батыс, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Сонымен қатар Түркістан облысы жасыл аймақта. Қазіргі басты міндетіміз қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейін орнықты төмендеуіне қол жетізу. Бұл үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды Павлодар, Ақмола облыстарында.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Елімізде 7 млн 100 мыңнан астам адам вакцинаның 1-компонентін алған. Бұл екпемен қамтылуы тиіс халықтың 71,5 пайызы. 2-компонент 5 млн 900 мыңнан астам адамға салынып, көрсеткіш 60 пайызға жуықтады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алексей Цой Қазақстандықтарды вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз үлесін қосуға шақырды.

Оңғар Алпысбайұлы 

Хабарламаларға жазылу