Қазақстан экономиканың сан саласында жетістіктерге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан экономиканың сан саласында жетістіктерге жетті

18.03.2015
Қазақстан экономиканың сан саласында жетістіктерге жетті

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары экономиканың сан саласында жетістіктерге жетті.

Әлеуметтің тіршілігі тұрақталып, ел экономикасы елеулі өсім көрсетті. Жаңа ғимараттар салынып, миллиондаған адам баспаналы болды.

2010 жылдан бері республикада құрылыс көлемі  33,6 пайызға өскен.

Арендалық баспана  - кезекте тұрған халықтың тілегін орындаған бағдарлама. Төрт жыл ішінде 742 мың шаршы метр арендалық баспана салынды.

Тұрғын үй жинақ банкі арқылы салынатын баспана құрылысына 128 миллиардтан астам теңге жұмсалған.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу