Жол апатынан бірнеше адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апатынан бірнеше адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды

13.09.2021

Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-ші шақырымында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік соғылып, жүргізушілері оқиға орнында мерт болды. Тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай 12 қыркүйек күні кешкі жетілер шамасында болған. Жол-көлік оқиғасының себептерін арнайы топ анытауда.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы Облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында жол апатының себеп-салдары анықталатын болады.

 Сондай-ақ Павлодар облысында екі бірдей жол апатында үш адам қаза тапты. Алдын-ала мәлімет бойынша көлік жүргізушілері ұйықтап кеткен.

Ал бүгін таңғы 7-лер шамасында Жезқазған қаласында Мерседес маркалы автокөліктің жүргізуші 47 жастағы әйел мен оның бес жасар немересін қағып кетті. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу