Биыл Жамбыл облысында індеттен 188 адам қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Жамбыл облысында індеттен 188 адам қайтыс болған

10.09.2021

Биыл Жамбыл облысында індеттен 188 адам қайтыс болған. Бұл туралы аймақ әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев хабарлады. Оның сөзінше, індет басталғалы 19 мыңдай жағдай тіркелген. Мыңнан астамы аяғы ауыр әйелдер. Жеті адам жансақтау бөлімінде, 12 бала стационарда ем алып жатыр. Жалпы, 59 оқушы індет жұқтырған. Десе де, өткен екі аптамен салыстырғанда, ауру көрсеткіші 13% төмендеген. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Биыл 9,5 млрд теңгеге дәрілік заттар сатып алынған.

Ал, Түркістан облысында коронавирустан 70 адам қайтыс болған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы аймақта 13 мыңнан астам адам вирус жұқтырғанын айтады. Көпшілігі сауығып шыққан. Емдеу мекемелерінде төсек-орын жеткілікті, тағы 5600 ге ұлғайту мүмкіндігі бар. Дәрілік заттарға 3 млрд теңге жұмсалды. Вакциналау қарқын алған. Өңір тұрғындарының 94,8% толық егілген.

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу