Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында кейбір карантиндік шектеулер алынады

Қарағанды облысында кейбір карантиндік шектеулер алынады

Қарағанды облысында кейбір карантиндік шектеулер алынады. Жаңа қаулыға сай жетімдер үйінен бала асырап алмақ ниеті бар ата-аналарға бұл мекемелерге баруға рұқсат етіледі. Алайда олар теріс нәтижелі ПТР тест немесе вакцина паспортын ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, Қарағандыда өндірілген «Гам-Ковид-Вак» вакцинасының кезекті партиясы Алматы мен Шымкент қалаларына жөнелтілді. Препараттың бұл партиялары жергілікті фармацевтика кешені мен Гамалея атындағы ғылыми зерттеу институтында сапа бақылауынан өткен, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

Ал, Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күні де қоғамдық көлік жүреді. Бұған дейін сенбі күні автобустар қозғалысына рұқсат берілген. Енді қоғамдық көлік аптаның барлық күні тағы сағат 6-дан кешкі 11-ге дейін жұмыс істейді. Дезинфекция тұрақты жүргізіледі. Дегенмен дәрігерлер автобустарда маска режимін сақтауды ескертеді.     

Бөлісу