Ойыл өзенінің бойында заңсыз салынған бөгеттер бұзылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ойыл өзенінің бойында заңсыз салынған бөгеттер бұзылып жатыр

08.09.2021

Мұндай бөгеттер өзен арнасының тартылып, құрғауына әкеп соқтыруда дейді мамандар. Су бойында 50-ден аса бөгет болса, оның тең жартысы рұқсатсыз салынған. Бұзылып жатқан мына бөгет Темір ауданы аумағында орналасқан. Бұл жұмыстар суармалы жерлерді қайта жаңартып, егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бұрын Ойылға 120 миллион текше метрге дейін су келетін. Ал, былтыр бар боғланы 13 миллион текше метр ғана ағынды су жеткен. Ақтөбемен шекаралас Атырау облысының тұрғындары да бөгеттердің көптігінен су тапшылығын көріп жатқанын айтқан еді. Мамандар заңсыз салынған бөгеттерді бұзу жұмысы жалғасады деп отыр.

Азамат Жанболат, Темір ауданы әкімінің орынбасары: 
Аудан бойынша 24 бөгет анықталды. Ол бөгеттің біреуі коммуналдық меншікте. Құжаттары рәсімделген. Қалған бөгеттер бойынша тоғызының меншік иесі жоқ болуына байланысты әділет органдарына хат жіберген болатынбыз. Оның ішінде үшеуін қазір біз бұзып тұрмыз.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу