Мюнхенде ірі автокөрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мюнхенде ірі автокөрме ашылды

07.09.2021

Мюнхенде екіжылдық үзілістен кейін Еуропаның ең ірі автокөрмелерінің бірі ашылды. Ол әзірге журналистер үшін жұмыс істеп жатыр.

Биылғы салонда футуристтік дизайндағы және пилотсыз басқарылатын электромобильдерге басымдық беріліп отыр. Мұндай көліктер жүргізушінің кейбір міндеттерін өз мойнына алып, мәселен, өзі барып тұрақтағы орынды иелене алады.

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, көрмеде «Мерседес», «Рено», «Порше», «Фольксваген» тәрізді концерндер заманауи үлгідегі машиналарын таныстырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу