Қазақстан Президентінің Германияға жұмыс сапары басталды

14.02.2020
Қазақстан Президентінің Германияға жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барды. 

Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірталасқа қатысып, «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді.

Мюнхенде өтетін іс-шараға қатысу үшін 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының жетекшілері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар барады.

Хабарламаларға жазылу