Женевада жыл сайынғы автосалон ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Женевада жыл сайынғы автосалон ашылды

07.03.2018

Женевада 88-ші жыл сайынғы автосалон тілшілер үшін ашылды. Мұнда алдағы 10 күнде әлемнің жетекші концерндері өздерінің 900-ден астам жаңа өнімін паш ететін болады. Ал, «Ferrari», «MacLaren», «Lamborghini» және «Corbelatti» тәрізді компаниялар 100-ден астам модельдің тұсаукесерін дәл осы көрмеде өткізбек.

Солардың ішінде басты назарда – электрокарлар болмақ.

Сонымен қатар, биылғы мотор-шоуда  «Mercedes-Benz», «Volvo Polestar», «Hyundai» мен «Jaguar» жаңа үлгілерін ұсынады.

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, автокөрме көпшілік үшін ертең ашылады.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу