Хакерлер Марк Цукербергтің Твиттерін «бұзды» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хакерлер Марк Цукербергтің Твиттерін «бұзды»

06.06.2016
Хакерлер Марк Цукербергтің Твиттерін «бұзды»

Осы жексенбіде «Фейсбуктің» негізін қалаушы Марк Цукербергтің «Твиттер» және «Pinterest» әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарының құпия кілт сөздері бұзылды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Бұл әрекетті «Ourmine» хакерлер тобы жасаған. Хакерлер өздерінің «Твиттерінде» миллиардердің «Инстаграм» және LinkedIn-дағы аккаунттарын бұзғаны туралы мәлімдеген.

Хакерлер Цукербергтің қауіпсіздік жүйесін тексеріп жатқанын, шұғыл байланысу қажеттігін ескерткен.

Цукербергтің 2012 жылдан бері жаңартылмаған «Твиттерінде» бірнеше пост пайда болды. Қазіргі кезде олар жойылды.

Цукербергтің Pinterest-тегі парақшасында «Ourmine тобы бұзды» деген жазба пайда болды.

Хабарламаларға жазылу