Қарағандыда жүкті әйелдердің денсаулығын білезікпен бақылайды
Қарағандыда бұдан былай перзентханаға түскен жүкті аналардың барлығына білезік тағылады. Оның көмегімен денсаулығы сыр берген әйелдер дәрігерге шұғыл белгі бере алады. Мәселен, түнде толғақ қысса я аяқ астынан ауырып қалса, білезіктегі түймені басып, көмек шақырады. Ерекшелігі - оны қуаттаудың қажеті жоқ, әрі су өтпейді. Әзірге білезік тек кенді шаһардағы №2 перзентханаға ғана жеткізілген. Жыл соңына дейін өңірдегі барлық клиникаларды қамту жоспарда.
Гүлбану Мамалинова, №2 облыстық клиникалық аурухананың перинаталды орталық басшысы:
Бұл білезік өте ыңғайлы. Егер жүкті әйелдің денсаулығы күрт нашарласа, төсектен тұрудың, үрейленіп, айқайға басудың керегі жоқ. Түймені басса болды, бірден дәрігер келеді. Өткен түнде бір адамға көмек көрсеттік. Қан кетіп, әлсіреген. Абырой болғанда ол дәрігерге дер кезінде белгі беріп, аман алып қалдық.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» – әдемі ұран да, науқан да емес. Бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі.
29.09.2026, 11:51
Президент: Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз
29.09.2026, 11:03
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08