Вакцина алмаған 4 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина алмаған 4 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

03.09.2021

Коронавирусқа қарcы вакцина алмаған 4 мыңға жуық азаматтың вирус жұқтырғаны анықталды. Ал екпе салдырғандарда бұл көрсеткіш бар-жоғы 167 адамды құрап отыр. Яғни вакцинадан бас тартқандардың індетке 10 есе жиі шалдығатынын байқауға болады дейді мамандар. Диагностикалық зертханалардың бірінде тамыз айында 28 мыңнан аса адам ПЦР тест тапсырған. Оның 19 мыңдайы екпе алмағандар болса, 9 мыңы керісінше вакцина салдырған тұрғындар. Нәтижесінде екпе салдырмағандар арасында індет жұқтырғандар 19,8%-ды құраған. Ал вакцина алған соң ПЦР тесті оң нәтиже көрсеткендер 1,8% ғана.


Хабарламаларға жазылу