Келеңсіз оқиға осыдан 6 күн бұрын тіркелді. Алайда тиісті мекемелер тексерісті апат болған бейнекөрініс әлеуметтік желілерде тарап кеткеннен кейін ғана бастап отыр. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Өкілетті органдардан алынған мәліметке қарағанда, зауыт ішіндегі балқыту пешіне су кетіп, жарылыс содан болған. Пеш Қытайда шығарылыпты. Сапасын сынап көру мақсатында аз ғана қолданылған екен. Келеңсіз оқиға кезінде цехта 30 адам жұмыс істеп жатқан. Солардың екеуі жараланып, қалалық ауруханаға жеткізілді.
Асхат Мүрсәлімов, №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі:
Жедел жәрдеммен екі науқас әкелген. Екі науқастың біреуі жатудан бас тартты. Үйінде емделіп жатыр, амбулатория ретінде. Екінші науқас жан сақтау бөліміне көшірілді. Қазіргі кезде күйік бөліміне көшті.
Болат АМАНБАЕВ