Коронавирусқа қарсы вакцина сыналды

19.05.2020

АҚШ-тың «Модерна» биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны адамдарға сынап көрді. Тәжірибе жағымды нәтиже берген.

Зерттеудің алғашқы сатысында-ақ вирусты залалсыздандыратын препарат пациенттің иммунитетін күшейтіп, өзінің қауіпсіздігін байқатып, жанама әсерінің де біршама уақыттан кейін ғайып болатынын көрсеткен.

Қытайдың солтүстік-шығыс аудандарында 108 миллионға жуық адам карантинге қайта жабылды. Мұндай шешім Цзилинь провинциясында 34 адамнан COVID-19 инфекциясы табылғаннан кейін қабылданған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу