Лукашенко Ресейден қару алатынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лукашенко Ресейден қару алатынын мәлімдеді

02.09.2021

Беларусь президенті Александр Лукашенко елінің Ресейден қару-жарақтың үлкен партиясын алатынын жариялады. Оның құрамында ондаған әскери ұшақ, тікұшақтар, әуе шабуылына қарсы зымырандық жүйелер бар. Мұндай мәлімдемені мемлекет басшысы келесі аптада Ресей мен Беларусь өткізетін ауқымды әскери жаттығулар қарсаңында жасап отыр. Ол маневларға 200 мыңдай жауынгер қатыспақ.

«Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, Лукашенконың қару туралы сөзі Мәскеудің АҚШ пен Еуропа одағының қысымына ұшыраған Минсктегі билікті қолдауды күшейткенін аңғартады.

Тағы бір сөзінде Лукашенко алдағы аптада Ресейге сапар шегіп, екіжақты интеграцияны тереңдетуге бағытталған келісімдерді талқылайтынын атап өтті. Бірақ, оның айтуынша, бұл құжаттар Беларусьті тәуелсіздіктен айырмайды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу