Украина әскері бірнеше елдімекенді азат еткенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскері бірнеше елдімекенді азат еткенін мәлімдеді

03.10.2022

Украина президенті Владимир Зеленский ел әскері Херсон облысының солтүстігіндегі екі елдімекенді ресейлік күштерден азат еткенін мәлімдеді. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Зеленский армияның жетістігі осылайша тек Донецк облысындағы Лиманды қайтарумен ғана шектелмейді деді. Бұл қалада Украина туы желбіреп тұр. Ресейдің Қорғаныс министрлігі болса, әскер Украина армиясының қоршауына түсіп қалмау үшін Лиман қаласынан кеткенін растады. Ал НАТО Украина қарулы күштері жетістікке жетіп жатқанын және Ресей басқыншылығына қарсы тұра алатынын мәлімдеді. Әскери альянс Киевке қару-жарақ беруді, саяси және экономикалық көмек көрсетуді жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Арай Төлегенқызы 


Хабарламаларға жазылу