Ел-жұрттың көкейіндегі көп мәселе Жолдауда қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел-жұрттың көкейіндегі көп мәселе Жолдауда қамтылды

01.09.2021

«Ел-жұрттың көкейінде жүрген өзекті мәселелер жолдауда қамтылды. Бұл «Еститін үкімет» қағидатының іске аса бастағанын көрсетеді» дейді батысқазақстандықтар. Мәселен, «Нұр отан» партиясының қабылдау бөліміне биыл 4 мың шағым түскен. Дені су тапшылығы, жайылым-шабындық қажеттілігі, субсидия, жер дауы жайында. Жолдауда тап осы мәселелер айтылып, шешу жолдарын қарау туралы үкіметке тапсырма берілді. Әлеуметтік желіде көтерілген сауалдар да президент назарынан тыс қалмады.

Мұрат Мұқаев,  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
Ең бастысы бұл, жаңа да Президент айтып кетті, әлеуметтік жағдай. Тұрғын үй мәселесі, мектептің жетіспеуі. Алдағы 5 жылда негізі «Нұр Отан» партиясының жоспарында 800 мектеп салынуы керек болса, ол бүгінгі тапсырмасында 1000-ға дейін жеткізуді тапсырды. Бұл да қуантарлық жағдай, қосымша 200 мектеп дегеніміз, ол біздің өңірге кем дегенде 10 мектеп қосымша салынады деген сөз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу