QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде - Президент

01.09.2021

Отандық QazVac екпесіне өзге мемлекеттер де сұраныс білдіріп жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауы барысында айтты.

«Короновирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Қазақстан - коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа басқа елдер тарапынан да сұраныс бар», - деді Президент.

Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет екендігін баса айтты. Яғни, мемлекет басшысының сөзінше. алдағы уақытта коронавирустың жаңа штамдары шығуы әбден мүмкін.

«Біз барлық жағдайға қашанда дайын болуымыз керек. Лайықты өмір сүріп, тоқатамай әрі қарай да дамуға бейімделуіміз керек», - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу