Мектептердің 95 пайызы дәстүрлі білім беруге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептердің 95 пайызы дәстүрлі білім беруге дайын

27.08.2021

Жарылыс болған Жамбыл облысындағы мектептер тексеруден өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің өкілдері айтты. Ведомстваның хабарлауынша, қауіпсіз аймаққа көшірілген балалардың жағдайы жақсы. Зардап шеккендер жоқ. Мектеп ғимараттары тексерілген соң оқушылардың қандай форматта білім алатыны белгілі болмақ.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Балалардың жағдайы жақсы. 5 ауылдағы мектептер қатты күрделі жөндеуден талап етпейді. Шағын жұмыстарды қажет ететін жағдайлар бар. Бұл мәселеге байланысты тиісті аудит жұмыстар жүргізіледі.

Мектептердің 95 пайызы Дәстүрлі білім беруге дайын. Биыл 7000 нан аса білім ошағында 3,6 млндай бала білім алады. Оның 380 мыңы мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер. Әр мектептің шешіміне сәйкес, кей пәндер қашықтан оқытылуы мүмкін. Сондай-ақ ата-аналардың өтінішімен созылмалы ауруы бар балалар онлайн білім алуға құқылы.

Ал студенттерден ПТР тест нәтижесін талап етуге болмайды. Олардың статусы көк немесе жасыл болса жеткілікті. Әйтсе де, екпе салдырғандардың жатақханадан орын алуға мүмкіндігі зор. Оқу орындары сабақтарды аралас форматта өткізуіне де болады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу