Елімізде әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама арқылы 325 адам баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама арқылы 325 адам баспаналы болды

26.08.2021

Ал әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама арқылы 325 адам баспаналы болды. Отбасы банкі өкілдерінің айтуынша, «Ұмай» бағдарламасы басталғалы 475 өтініш түскен. 3,4 млрд теңгеге 400 тұрғынның өтініші қабылданған. «Ұмай» арқылы үй алу үшін отбасының кірісі 320 мың теңгеден аспауы керек. Несие 25 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарнаға пәтер құнының 15%-ін төлеу қажет. Пайыздық мөлшерлемесі 12%-тен басталып, біртіндеп 5-3,5%-ке азаяды. Тұрғын үйдің бағасы 30 млн теңгеден аспауы шарт. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу