Алматыда көлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды

26.08.2021

Алматыда көлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды. Шаһар тұрғыны бірнеше күн бұрын темір тұлпарының ұрланғаны туралы айтып, полиция бөліміне арыз жазған.

Зардап шегушінің сөзінше белгісіз біреу автокөлігінің терезесін сындырып, құжаттары мен жеке заттарын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сараптама тағайындалды. 


Хабарламаларға жазылу