Алматыда көлік ұрлығы көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлік ұрлығы көбейді

21.01.2020

Алматыда ай мен күннің аманында көлігінен айырылып, сан соғып қалған жүргізушілер көбейді. Олардың сөзінше, ұрлықшылар Тойота маркалы машинаны жиі қолды қылады. Қарақшылардан зардап шегіп, байбалам салған тұрғындар қымбат тұратын мұндай көліктердің жаппай жоғалып, дер кезінде табылмай жатқанындығына қынжылады.

Ел-жұрт жиі мінетін бұл көлік қазір көптің қорқынышына айналып барады. Өйткені кейінгі кезде ұры-қары машинаның осы түрін ұрлауға көшкен. Сондықтан әлеуметтік желіде көліктеріне іздеу салған жүргізушілер аз емес.

Ал табылмаған жағдайда машина сақтандырылса, өтемақы бар. Егер сақтандырылмаса, ол да жоқ екендігін айтанды мамандар.

Алайда бұл ақшаны алу көптеген тексеру мен ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан жүргізушілер жанайқайымызды полицейлер естісе дейді.

Көліктен қапияда көз жазып қалмас үшін ұрлыққа қарсы түрлі бағдарламалар мен көптеген қондырғыларды пайдалануға болады. Сақтануды көздегендер, сатып алып орнатып жатыр. Бұл түннің тыныштығы мен көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін айтады мамандар.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу