Ақтөбе облысында көлік ұрлығы азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында көлік ұрлығы азаймай тұр

26.08.2021

Көлік ұрлығы азаяр емес! Заңсыз айдап кету деректері де көп. Тек Ақтөбе облысының өзінде жыл басынан бері осындай 48 оқиға тіркелген. Ол қылмыстардың тек отыз тоғызы ашылған. Арзан көлік алам деп алданып қалмас үшін не істеу керек? Қандай көліктер жиі ұрланады? Жақсыбек Кемал жауап іздеп көрді.

Жақсыбек Кемал, тілші:
Мамандардың сөзінше, Ресейде тіркеуде тұрған көліктер жиі ұрланады екен. Себебі, оның ізін жасыру оңай. Сондықтан автоқосалқы бөлшек сататын орындар тек шет елдік көліктерді сатып алып жатыр.

Қала маңында ескі көліктерді бөлшектеп сататын мұндай орындар ондап саналады. Ұрланған көліктердің де кей саймандары осы жерге өткізіледі екен. Алайда, соңғы кездері кәсіпкерлер сақтық шараларын барынша күшейткен. Яғни, күмәнді көліктерді сатып алмаймыз дейді.

 Ресейде тіркелген көліктер арзан болғандықтан сатып алушы да тез табылады. Мәселен, жуырда ғана көрші елде жоғалған автокөлікті құқық қорғаушылар Хромтау ауданынан тапты. «Мерседесті» жалға алған адам үшінші біреуге сатып жіберген.

 Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Осы дерек бойынша полицейлер жедел іздестріу шарасын жүргізу кезінде Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстайды. Ол анықталғандай ол автокөлікті ҚР азаматы сатып алған. Ол көлікті жалған құжатпен сатқандығы туралы ол білмеген.

Ал еліміз бойынша көлік ұрлығына қатысты жыл басынан бері 700-ден астам адам, 17 қылмыстық топ ұсталған. Сол себепті тәртіп сақшылары тұрғындарға әсіресе, ресейлік көліктерді сатып аларда құжаттардың дұрыстығын тексеріп, барынша сақ болу қажеттігін ескертеді. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу