Биыл жасөспірімдер 2117 қылмыс жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жасөспірімдер 2117 қылмыс жасаған

06.12.2019

Биыл жасөспірімдердің қатысуымен 2117 қылмыс тіркелген. «Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмен», дейді мамандар. Бірақ ұрлық азаймай тұр. Мүлік ұрлығы, затты күшпен тартып алу дерегі көп. Әсіресе, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстарында қылмыс жиі тіркеледі. Кәмелет жасқа толмағандар қымбат ұялы телефон мен бағалы бұйымдарға қызығады. Яғни мұндай келеңсіз әрекетке баруына отбасының әлеуметтік жағдайы әсер етеді. «Бала тәрбиесіне ата-аналар бейжай қарамаса» дейді тәртіп сақшылары. Полиция мен мектеп, оқу орындары арасындағы байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын да әлі күшейту керек. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу