Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр

02.06.2023

Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен ұстаздар мен көлік жүргізушісінің жағдайы ауыр. Олар Қобда ауданынан санавияциямен облыс орталығына жеткізілді.

Естеріңізге салсақ, кеше Самара-Шымкент автожолында жол апаты болып, Оралдан Ақтөбе қаласына бара жатқан 4 адам қайтыс болған еді. Тағы үшеуі әр түрлі дене жарақаттарын алған. «Лада Ларгус» маркалы көліктің 27 жастағы жүргізушісі «Даф» жүк көлігімен соқтығысқан. Жолаушылардың Орал қаласының мұғалімдері екені белгілі болды. Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінен дипломдарын алуға келе жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен үш науқастың жағдайы ауыр. Екеуіне жедел түрде от жасалған.

Жасұлан Орынбаев, травматолог-дәрігер:

Бір науқаста қабырғалары сынған, оң жақ иық сүйегі сынған. Үшінші науқаста оң жақ балтыры сынған. Қазір бәрі реанимацияда.Ем алып жатыр, тағы тексеріледі, мамандар келеді қайтып.

Облыста соңы қайғылы жағдайға алып келетін мұндай жол апаттары азаймай тұр. Жыл басынан бері 90-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам көз жұмған. Тағы 200-і әр түрлі дене жарақаттарын алған. Арнайы талдау жүргізген прокуратура өкілдері өңірде 1,5 мың жол белгісі, мыңнан астам бейнебақылау камерасы жетіспейтінін анықтаған.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу