Елордадағы С.Мәуленов атындағы мектеп-лицейі жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы С.Мәуленов атындағы мектеп-лицейі жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға әзір

25.08.2021

Бас қаладағы Сырбай Мәуленов атындағы №37-ші мектеп-лицейі жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға әзір. Еске салайық, биылдан бастап балалар дәстүрлі форматқа қайта ауысып, парталарға отырады. Ол үшін сынып кабинеттерінде барлық санитарлық нормалар ескерілген. Биыл мектепте 151 сынып ашылып отыр. 4 мың 700 бала екі ауысыммен оқитын болады.

Гүлжан Төлеуова, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей директорының орынбасары: 
Есік алдынан бастап барлық қашықтық ережелері сақталады. Бұл ережелердің, сосын мектепке әрі қарай кіргеннен, туннель арқылы кіріп әрі қарай қолдарын, балалар да, кез-келген қызметкер, кез-келген мұғалім зарарсыздандыру жұмысын өткізіп, одан кейін дене қызуын өлшетіп, сөйтіп барып мектепке кіреді.

 Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді. Мұндағы оқушылардың дербес оқуы мен демалуына барлық жағдай жасалған. Мысалы, жеткіншектердің өз қолдарымен жасалған бұйымдар дүкені бар. Балалар дүкенге өздері келіп, керекті заттарын сатып ала алады. Сондай-ақ, ой өрісін дамытатын сан-алуан аймақтар да бар. Ұлттық құндылықтардан бастап, заманауи технологиялар жайында ақпарат беретін жеке кеңістіктер жасақталған.

Гүлжан Төлеуова, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей директорының орынбасары: 
 Робототехника кабинеті бар. IT зона бар ашылған. Гидропоника аймағы бар. Мұнда IT зонада, IT аймақта, яғни айтқанда, балалар сол жерде өзінің қызығушылығына сәйкес жетекшілерімен бірге келіп, бағдарламалар жасайды.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу