Вакцина – халық денсаулығын қорғаудың тиімді құралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина – халық денсаулығын қорғаудың тиімді құралы

23.08.2021

Вакцина тек коронавирус қана емес, кез келген инфекциялық ауруларды тоқтатады. Екпе иммуниетті күшейтіп, індеттің таралмауына сеп. Осылай деген алматылық дәрігер Төлеби Шынболатов тұрғындарды вакцинациялауға шақырып отыр. Білікті маманның айтуынша, №13 емхананың өзінде осы күнге дейін 15 мыңдай адам екпе салдырған. Соның арқасында денсаулығының нашарлауына байланысты шақыртулар саны күрт азайған. Дәрігерлер осы қарқынмен вакцина алсақ, көз ұзамай індетке де тосқауыл қойылады деген сенімде.

Төлеби Шынболатов, №13 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:
 Аурудың асқынған түрін емдегенше, алдын алу жеңілірек болады. Сондықтан вакцинация арқылы біз аурудың алдын аламыз, таралуын доғарамыз. Халықтың денсаулығын қорғаймыз. Осы мақсатпен вакцина алуға кеңес береміз. Қаншалықты көп адамға вакцина салсақ, соншалықты эпидахуал тұрақталады.


Хабарламаларға жазылу