Алматыда полицейлер карантин талаптарын түсіндіріп жүр

14.10.2020

Алматы полициясы тұрғындар арасында карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Тәртіп сақшылары азаматтарға әуелі маска режимінің жеке басты қорғаудың ең тиімді тәсілі екенін түсіндіріп сақтануға шақырды. Құзырлы орган қызметкерлері адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде санитарлық талаптардың орындалуын жиі бақылайтын болады. Мұндай жұмыстар шаһардың барлық ауданында жүргізіледі. 

Бауыржан Тәжібаев, қалалық ПД-ның аға инспекторы:
Бетперде тағу және карантиннің өзге де шараларын сақтау - өз және жақын туыстарының денсаулығын қорғау.

Нұрхан Нұрланұлы

Алматы полиция коронавирус карантин

Хабарламаларға жазылу