Соңғы 10 жылда 126 мұнай ұңғымасының көзі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 10 жылда 126 мұнай ұңғымасының көзі жойылды

20.08.2021

Соңғы 10 жылда қоршаған ортаға зиян келтіретін 126 мұнай ұңғымасының көзі жойылған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі мәлімдеді. Зерттеу кезінде жалпы саны 132 апаттық ұңғыма анықталды. Яғни жоюға жататын тағы 6 мұнай қазу орны бар. Олар Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан. Сондай-ақ, Көкжиде кен орны батыстағы ең ірі су қоры болып есептеледі. Оны сапалы ауыз су тапшылығын жоюға пайдалануға болады. Сондықтан арнайы мониторинг жүргізіліп жатыр. Жұмыс қорытындысы бойынша кен орнындағы жерасты суының ластануына жол бермеу үшін жоспар бекітілмек.

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:
Геологтардың еңбегінің арқасында экономиканың тұрақты дамуын және мемлекеттің материалды әл-ауқатын қамтамасыз ететін кен орындары ашылды. Көптеген қалалар геологтардың қызмет нәтижесінде өсті. Олар Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск, Рудный, Зарян, Ридер, Хромтау, Жаңаөзен және басқалар.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу