Елордадағы 7 білім ошағы жұмысын жаңадан бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы 7 білім ошағы жұмысын жаңадан бастайды

19.08.2021

Биыл елордада салынған су жаңа жеті мектеп қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашады. Олардың бір бөлігі жеке инвесторлардың қолдауымен салынған. Өзгелері бюджет қаржысына тұрғызылды. Жаңа мектептің жұмыс қарқыны қалай жүргізіліп жатыр? Тілші тарқатады.

 №92-ші мектеп-лицейінің құрылысы өткен жылы басталған. Екі жылға таяу уақытта жаңа нысан бой көтеріп, бүгінде нысанның сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары түгелімен аяқталған. Оқудің басталуына санаулы күндер қалғанда мәжіліс депутаттары мен білім беру саласының өкілдері білім ошағын аралап, өз көзімен көріп шықты.

Нұрлан Досжанов, қалалық білім беру басқармасының маманы:
Мектеп жобалау құжаттамасына сәйкес жабдықтармен қамтылған. Ол проектте қандай заттар көрсетілген, мектепке, оқуға қажетті заттармен толығымен қамтылған. Енді, әрине, қосымша алып жатқан жабдықтарымыз бар. Олар балалар бірінші қыркүйекке дейін келгенге дейін бәрі дайын болады. 

Мектеп оқушыларға жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді. 1,200 балаға лайықталған мектепте жеткіншектер екі ауысымда қазақ және орыс тілдерінде тереңдетілген білім ала алады. Мұнда спортпен шұғылдануға да мүмкіндік мол.

Жеңісбек Сарыбайұлы, қалалық №92 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:
Өзіміз бес мұғалімбіз. Мұғалімдер жақсы кадрлардан жасақталған. Бокстен бізде бар жақсы тренер. Жас қызымыз бар дзюдодан әлем чемпионатында жүлдегер болған. Алла жазса, үйірмелер ашамыз.

Жаңа оқу жылында бас қалада жеті білім ошағы жұмысын жаңадан бастайды. Бұл шахардағы мектептерде білім алушылардың жүктемесін біршама азайтуға көмектеседі дейді мамандар.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу