Елдегі эпидахуал әлі де күрделі күйде қалып тұр. Бүгінде 16 өңір қауіптің қызыл деңгейінде екенін көруге болады. Тек Түркістан облысы ғана бірер күннен бері "жасыл" аймаққа жайғасқан.
Өткен тәулікте 7 337 адам індетке шалдықты. Вирустық белгілері бар пневмония 421 адамнан анықталды. Бір күнде 18 науқас қайтыс болды. 6 666 емделуші жазылып шықты. Сондай ақ пневмония жұқтырған 153 адам дертінен айықты. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 200 мыңнан асты.